Ахаң бейнесі – Шымкент сахнасында

Шымкент қаласында маусым айының 28-29 күндері жазушы-драматург Ақылбек Шаяхметтің «Ахмет» драма-реквиемінің премьерасы болды. Оған Қостанайдан арнайы шақырылған автор қатысты. Спектакльдің режиссері – Әліби Жанәбілов. Қоюшы-суретші – Жомарт Дүйсебеков. Ахмет рөлін сомдаған – жас актер Еркебұлан Әйтенов.
Шымқала актерлерінің бұл спектаклі Ахаң тойына лайықты тарту болды. Премьераға қатысқан қонақтар – Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының белді актері Еркінбек Шымырқұлов, осы театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі, көрнекті драматург Сая Қасымбек, Қазақстан жазушылар одағы Шымкент филиалының директоры Дәркен Танабай, сценарист, анимациялық киноның продюсері, кинематографтық жүлделердің лауреаты,  «Жебе» студиясының жетекшісі Керімбек Ниязбаев, басқа да қаламгерлер мен көрермендер театр қойылымын жақсы бағалап, сәт сапар тіледі. Пьеса авторы Ақылбек Шаяхмет театр директоры Самат Алтай мен режисер Әліби Жанәбіловке Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың алғыс хаттарын және Қобыланды батыр мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы медальдарды табыс етті.
Қойылым тұсаукесері өтіп жатқан күндері Әл-Фараби атындағы Шымент қалалық орталық кітапханасы және қаладағы жасөспірімдер кітапханасы пьеса авторы Ақылбек Шаяхметпен кездесулер өткізді. Автор жергілікті телеарнаның арнайы бағдарламасына қатысып, сұқбат берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓