Ысырапшылдық – исламға жат қылық

Қостанайдағы Аймағанбет қажы Спанұлы атындағы облыстық мешітте жұртшылықты толғандырған аса маңызды мәселереді шешуге бағытталған "Салт-дәстүр және діни рәсімдер" атты конференция өтті.IMG_1Аталмыш шараның негізгі тақырыбы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жақында жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптағы көтерілген мәселелер.
Осы орайда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкіұлы Қазіргі таңда жаназа шыққан үйде ысырапшылдықты доғаруды, ақтық сапарға шығарып салу кезінде жаназаны митинг етпеуді және басқа да келеңсіз жайттарды қысқарту керектігін алға тартты.IMG_2Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов та жиналғандар алдында сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды.
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып баяндамасының соңында:
«Қозғалып отырған тақырып өте маңызды, оның жалпы мұсылман қауымына берері мол»- деп тәмамдады.
Арқалық қаласының құрметті азаматы Мираш қажы, Алтынсарин ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жандарбек Карбенұлы, Ұзынкөл ауданынан Кенесары Омарұлы көтерілген мәсеге байланысты ойларын салып, ұсыныстарын айтты.IMG_3(1)Осылайша, конференцияның соңында Қостанай облысының өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы қозғалған тақырып аясында көпішіліктің ұсынысымен «Жаназа және жерлеу кезіндегі шектеулер», «Ас мәзірі» және «Бейіт салу» шешімді жариялады.шешім
2 косымшасы
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓