ОЗАТ ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАСЫ
Қостанай қаласында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды. Ашылу салтанаты «Әуежай» шағын ауданындағы «Қостанай» спорт кешенінде өтті. Шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қатысты.




– Оқушылар қазақ және орыс филологиясы, Қазақстан тарихы, құқықтану бойынша өтеді. Нәтижесінде I, II, III дәрежелі дипломдарды иеленген шәкірттер білім гранты конкурсында айрықша құқыққа ие болады, – деді «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаева.

Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ,
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.