“Тобыл” ұпай жоғалтты (БЕЙНЕШОЛУ)
Қазақстан чемпионатының үшінші турында Көкшетаудың "Оқжетпесі" Қостанайдың "Тобылын" қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.Ойын Елордадағы "Астана-Аренада" стадионында өтті. Небәрі 4 минутта қостанайлық шабуылшы Ж.Молдақараев айып алаңына еніп, соққы бағыттан еді. Алайда, соққы әлсіз шыққан болу керек, С.Стаменкович допты тырп еткізбеді. Содан соң Шимкович өзінде бар мүмкіндікті пайдалана алмады. "Тобыл" қақпашысы Непогодов та өз қақпасына төнген қауіптің бетін қайтарып отырды. Көп ұзамай көкшеліктер есеп ашты. Айып добын сәтті пайдаланған Хорват командасын алға шығарды.
Екінші таймда бірінші турдың қаҺарманы Щеткин алаңға шықты. Ол Молдақараевты алмастырған болатын. Бұдан кейін Деспотовичтің орнына Савич шықты. Соңғысы алпысыншы минуттарда есепті теңестіруге жақын болды. Әлі де нәтиже өзгеріссіз. Өз кезегінде "Оқжетпес" сауатты қорғанды. Қостанайлық шабуылшыларға да дәлдік жетіспей жатты. Бас төреші Алешин негізгі уақытқа төрт минут уақыт қосқан еді, бірақ бірінші таймдағы есеп өзгеріссіз қалды.