“Тобыл” “Рубинді” тізе бүктірді

Қостанайдың «Тобылы» жолдастық кездесуде ресейлік әйгілі «Рубин» командасын жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.фут
Ойын Түркияның Белек қаласында өтті. Командалар бірінші минуттан ашық футбол көрсетті. Айта кетейік, қостанайлықтардың бас бапкері Владимир Газзаев алаңға бірнеше жас ойыншыларды шығарды. Бірінші таймның ортасында Максим Федин кездесудегі жалғыз голды соқты. Ол сол қапталдан Руслан Валиуллиннің берген пасын керегіне жаратты.
Осылайша, «Тобыл» соңғы жылдардағы Ресейдің мықты командаларының бірін жеңе білді. «Рубин» командасы 2008 жылы өз тарихында тұңғыш рет Ресей чемпионы атағын жеңіп алған еді. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, сырт алаңда әйгілі «Барселонаны» тізе бүктірген. Команданы Құрбан Бердыев жаттықтырады.
Қостанайлықтар «Рубинге» қарсы мына құраммен шықты: Балаев, Клещенко, Канкава, Дмитренко, Мирошниченко, Жулпа, Квеквескири, Валиуллин, Бочаров, Гордейчук, Федин.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓