Терминалдар ауылға жетті
Амангелді ауданына төлем терминалдары жетті. Бұл туралы "Амангелді арайы" газетінің "Фейсбук" желісіндегі жеке парақшасында жазылады.Электронды құрылғылар аудан орталығына ғана емес, ауылдық округтерге орнатылды. Бас-аяғы 10 терминал қойылған. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының қолын ұзартып, өркениетке жақындатқан төлем қабылдағыш аппараттар аудан орталығындағы "Еконай", "Ожан", "Күлкілі бағалар", "Фариза", "Ұлан", "Бистро" сауда ғимараттарынан орын тепті және Үрпек, Қарасу, Байғабыл, Есір ауылдарында да пайда болып отыр. Терминал кассасы 24 сағат үзіліссіз істеп тұратын болады. Мұндай игі істі ұйымдастырып, жүзеге асырып отырған жас кәсіпкер Абзал Мұратұлына аудан тұрғындарының алғысы шексіз. Өйткені, бұнда банк төлемдерінің барлық түрі бар.