Облыс әкімі Ұлыс күнімен құттықтады

bedd7609-dcac-4c1f-b215-288cb9a4696a
Құрметті қостанайлықтар!

Баршаңызды көктемнің ең шұғылалы мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – шығыс халықтарының төл мерекесі, күн мен түн теңеліп, табиғат-ананың таңғажайып күйге бөленетін шағы. Дәл осы күні адамдар бір-бірмен көрісіп, арадағы өкпе-назын ұмытқан, ізгі тілектер айтылып, үлкеннің батасын алған.    
Наурызды тойлау Тәуелсіздіктің арқасында халқымызбен қайта қауышты. Бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен ырыстың, татулық пен бірліктің мерекесі. Тар жерде табыстырып, кең жерде келістіре білген елдегі достықтың белгісі.
Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта этнос пен конфессияаралық келісімнің үлгісі ретінде танылған мемлекет. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев жүргізіп отырған данагөй саясаттың, Қазақстанды ортақ үйі деп таныған барша халықтың бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген ымыра-бірлігінің арқасында деп білеміз.
Сондықтан осынау Ұлыстың Ұлы күнінде татулығымыз одан сайын нығайып, мұрат тұтқан барлық игі бастамаларымыз оңынан орындалсын деп тілеймін! 
Қадірлі жерлестер!
Наурыз мейрамы құтты болсын! 
Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық, ырыс пен несібе сыйласын!  
Ұлыс оң, ақ мол болсын! 
                           
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓