Наурыз – ізгілік бастауы
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Наурыз мейрамын арналған концерттік бағдаламаға қатысты.
– Барша қостанайлықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын. Биылғы жыл біз үшін сәтті басталды. Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бойынша жобалар қолға алынды. Наурыз – ізгіліктердің бастауы. Облысымызда достық пен бірлік салтанат құрды. осы ауызбіршіліктен айырылмайық! – деді өңір басшысы құттықтау сөзінде.
Мұнан соң Архимед Бегежанұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының киіз үйіне барды. Биыл Қостанайда "Достық үйінің" бастамасымен "Қазақ халқына алғыс" монументі ашылады.

– Қостанайдағы түрлі ұлт өкілдері қауымдастығы бірігіп, қазақ халқына алғыс айту мақсатында
монумент ашқымыз келеді. Жаңа нысанды "Қазақ халқына алғыс" деп атауға да болады. Осы бастаманы сізбен ақылдасып, құрылыс жұмыстарын бастасақ деген жоспар бар, – деді "Эребуни" армян қауымдастығының төрағасыТигран Бадалян.
Өз кезегінде облыс басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді.
– Бастамаларыңыз жақсы. Мен қолдаймын. Қазақ халқына алғыс айтуға арналған монумент көрнекі орынға айналуы тиіс. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары жыл сайын 1 наурыз бен 1 мамырда осындай құнды ескерткіш қасына жиналып, мерекені атап өтуі қажет. Жаңа нысанның орналасатын жерін анықтауды қала әкімі Базыл Жақыповқа тапсырамын, – деді Архимед Мұхамбетов.