1200 шақырым жаяу жүріп өтті

Еліміздің егемендік алғанына 30 жыл толуына орай, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, "Бабалар ізімен" Қызбел – Қандыағаш – Қарабау" этно-мəдени экспедиция жобасы жүзеге асты. Естеріңізге салсақ, Торғай жерінен шыққан Қостанай облысының тұрғындары бокс және кикбоксинг бапкер Сәттібек Ысмайылов пен жеке кәсіпкер Ерлан Хұсайынов Жангелдин ауданындағы Қызбел ауылынан экспедиция-жорығына аттанған болатын. Қызбелде Өтей батырдың ұрпақтары бас қосып, ақсақалдар қос азаматқа баталарын беріп, батыр баба рухына құран бағыштап, шын тілекпен шығарып салған еді. Сол екі азамат алға қойған мақсаттарын орындап, діттеген жерге аман-есен жетіп, абыроймен елге оралды.
Экспедицияға шыққан қос азамат ХVІІІ ғасырда қалмақтардың шапқыншылығы кезінде Кіші жүздің руларына көмекке барған Өтей батыр басқарған Орта жүз батырларының жолымен жүріп өтуді мақсат етті. Аталмыш жорықтың қашықтықтығы Өтей батырдың кіндік қаны тамған жері Қостанай облысының Жанкелдин ауданы, Саға (Қызбел) ауылынан басталып, Ақтөбе облысы арқылы өтіп, Атырау облысының Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы, Орта жүздің Арғын тайпасынан шыққан Өтей батырдың қорымына дейін 1200 шақырымды құрайды. Осы шақырымды жаяу жүріп өткен қос азамат жол бойындағы елді мекендерге соғып, тұрғынадармен де кездесу өткізді. Небір қиындықтарға да жолықты. Бірақ еш мойымады. Бір-біріне серік болып, бірін-бірі қолдап баба басына жетті. 1200 шақырымды артқа тастап, жаяу жүріп өтті.
«Бабамыз Ру Басы Ақымбет ұлы Өтей Батырдың жаугершілік заманда жүріп өткен жермен жаяу жүріп өту оңай емес екені белгілі. Туған жері Қызбелден бір уыс топрағын Бабамыздың жерленген жері Қарабауға, Өтей қоры мына жеткізу еді мақсатымыз. Онымен қоса осы ісіміз арқылы ішкі туризмді дамытуға өз үлесімізді қосуды да ойладық. Аймақтар ынтымақтастығын нығайтып, Өтей Батыр бабамыз дүйім қазақ халқының Батыры жəне жанашыры болғанын ескеріп, тоқтаған, кездескен елді мекендерде сапарымыздың мақсатын түсіндіріп, паш етіп жүрдік. Мыңнан артық шақырым жүріп өткенде көзбен көріп көңілге түйгеніміз көп. Ең басты түсінгеніміз, Қазақ Елі тарихқа толы, жері бай, халқы бауырмал, ынтымағы жарасқан, көңілі дарқан ел екенін жəне мейірбан халық екен. Халқыма мың алғыс айтамыз! Бабамызға тағызым жасау ұрпақ парызы, артында қалған алты баласынан тараған балалары игі істі орындады. Сіздер мен Біздер ұрапақтар сабақтастығын жалғастыра білді. Өтей Батырдың салиқалы ұрапғы деген абыройлы атаққа лайықты болу əрбіріміздің парызымыз. Осы абыройлы істі жүзеге асыру оңай болған жоқ, бірақ Алланың құдіретімен кездескен кейбір кедергілерді жеңе білдік. Тілекші болып, көмек жасап отырған әрбір жанға алғысымыз шексіз» – дейді қос саяхатшы.
Кеше темір жол вокзалынан алыстан келген саяхатшыларды күтіп алып, сый-құрмет көрсетілді. Азаматтар елге аман-есен жетті.
Жалпы бұл шараның негізгі мақсаты Қостанай облысындағы бір топ меценаттардың қолдауымен Өтей батыр қорымын туристік аймаққа айналдырып, Қостанай, Ақтөбе, Атырау облыстары арасындағы рухани байланысты берік етіп, батыр баба есімін, ел аузында жүрген ерлігін таныта отырып, рухани байлығымызды кемелдей түсу. Аталмыш шараға «Милх – Новый день» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (басшысы Блок С.И.) демеушілік етіп, «Ұрпақ» қоғамдық қоры қолдауда. Аталмыш шараға «Қостанай таңы» газеті де ақпараттық қолдау көрсетіп, жорықшылардың барлық саяхатын жариялап отырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓