Қош келдің, әз Наурыз!
Алтын астықты арқа өңірі биыл Ұлыстың ұлы күнін жылдағыдан айрықша қарсы алуда. Қаланың ықшам аудандарына киіз үйлер тігіліп, мерекеге жиылған халыққа тегін тамақ таратылып, арқа-жарқа молшылықтың лебі есуде.


Соның бір жарқын көрінісіндей болып, 20 наурыз күні сағат 10.00-де А.Байтұрсынов алаңқайы аталатын қаланың №6 ықшам ауданындағы «Oмкa» базары және №2 ықашам аудандағы облыстық "Дала өлкесі тарихы" музейінің алдында мерекеге арналып, жалпыхалықтық мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.





Елдің ынтымағын арттырып, еңбекке деген құлшынысын оятқан ізгілікті шаралар таяуда орталық "Наурыз" алаңында мәресіне жетпек.

Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген автор
Арқалық қаласы.