Есте қалған есті жылдар
Ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Есте қалған есті жылдар» салтанатты іс-шарасы өтті.
Отыз жыл ішінде табысқа жетіп, өз жетістігімен көпшілікті тәнті еткен адамдар баршылық. Олардың тәуелсіздік жылдары атқарған жұмысы мен бағындырған белестері көпке өнеге. Өз аузынан естіген кешегі күннің тарихы қашан да қызықты. Мұндай азаматтар осы шақтың батырлары және жастарға үлгі болуға әбден лайықты. Кездесудің мақсаты да осы, Қазақстанның қалыптасуына еңбек етіп жүрген қазіргі заман саңлақтарын үлгі ету арқылы бәсекелестік, прагматизм және білімге талпыну идеяларын насихаттау.
Жиын басында «Тәуелсіздік-Қазақстанның басты байлығы» тақырыбында КИнЭУ профессоры Райхан Казихановна баяндама жасап, егемендіктің жеті бастамасына тоқталды. Содан кейін, Қостанай өңірінде аты әйгілі кәсіпкер, «Алтынсарино» ЖШС-нің бас директоры, Еңбек Ері Борис Князев университет студенттері мен мұғалімдерімен табысты күндерінің құпияларымен бөлісті. Шараға қатысушы «Құрмет» орденінің кавалерлері, А.М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университет президенті Сәбит Исмұратов, «Азимут» ЖШС бас директоры Валентин Хаданович, «Ауыл» партиясының бастауыш партия ұйымдарының өкілдері университет оқытушыларымен студенттері арасында жас мамандарды жұмысқа орналастыру бағытында пікір алмасты.
Кездесу cоңында Борис Князевке кітап табыс етілді. Әсем ән шырқалып, қатысушылар меркелік көңіл-күймен тарқасты.