Аймақ басшысы үздік бестікте

Облыс әкімдерінің жалпыреспубликалық рейтингі жарияланды. Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов бесінші орынға жайғасты.photo_2019-02-13_18-53-46_1550063002344
Тізім басында – Алматы облысы. Оны Қызылорда, Маңғыстау және Қарағанды облыстары жалғастырады. Үздік бестікті Тобыл-Торғай өңірі түйіндейді.
"Қостанай облысы ақпараттық насихатсыз, БАҚ назарын шектен тыс өзіне аударпай-ақ, ауыз толтырып айтарлықтай шаруалар атқарылған, – дейді рейтингті жариялаған "Топ пресс" ақпараттық порталы. – 2018 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымын жүргізу көлемі бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді – 1 млрд АҚШ доллары. Ал сыртқы тауар айналымы 3 млрд долларға жуықтаған. Айналымның 50 процентке дейін өсуі әкім Архимед Мұхамбетов үшін тиімділіктің керемет көрсеткіші саналады. Облыс бюджетінің былтырғы жалпы пайдасы 2 млрд теңгеге жетіп-жығылды".
Рейтинг жасаушылар аймақта халықтың өмір сапасы мен нақты кірісін көтеруге мән бергенін есепке алған. Яғни, облыста денсауылқ сақтау меемелерін жаңғырту және дамытуға 1 млрд теңгеге жуық, білім беру мекемелеріне 500 млн теңге шамасында қаржы бөлу жоспарланған еді. Бұған 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін де қосып қояйық.
"Көлік және жеңіл автомобиль өндіретін ірі экономикалық аймақ өнімділікті 9 есеге дейін өсірген. Ауыл шаруашылығы хабын дамыту жоспары бар. Жалпыреспубликалық деңгейде қаңтар айындағы бағам бойынша облыс тұтынушылық құн индексінің өсуіне жол бермей, былтырғы көрсеткішті сақтап қалды", – делінеді аталған порталды. 
Жекелей қарағанда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша Қостанай облысы 2-орында тұр екен.
"Айта кетерлігі, аймақтың жетістіктерін жарнамалайтын PR жұмыстарының жоқтығы басты өлшеуіш емес. Көріп отырғанымыздай, өңір тұрғындарының өмір сапасы мен әл-ауқаты сөзбен емес, іспен көтерілуде екен", – деп түйінделеді рейтинг сипаттамасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓