Наурыз нақыштары

Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатында «Қошкелдің, Әз Наурыз» мерекелік іс-шарасы өтті. aav_nAhiGKE
513-MSX0X9oІс-шараның мақсаты – Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін көрсету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы салттарын мейлінше насихаттау, еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларына мән беру.bRlYa5iDLuA
HMx5tUEoTUQ5-11 сынып арасында Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің ортақ мейрамы наурыз мерекесін қалай тойлайтының көрсету үшін 9 ұлттық орталық құрылды. Олар әр ұлттың салт-дәстүрін айтып, сол ел туралы ақпарат ұсынып, ұлттық тағамдарын таныстырды.mCjEilAkGcM
-MovPnW2skw10-11 сынып оқушылары өз орталықтарын таныстыру барысында «Қостанай таңы» газетіндегі «Ата-тәрбиесі» ғибратнамасынан алынған қазақ халқының атадан балаға беріліп, мұра ретінде қалдырған ұлағатты сөздерімен үйлесімділік тауып тиімді қолданған. Концерттік бағдарлама кезінде шашу шашылып, оқушыларға Қыдыр ата мен жер ана өз баталарын беріп көрермен ризашылығын алды. Мерекелік іс-шара соңында барлық ұлттық орталықтарға номинациялар берлді.rlJRm1iZdWoБас жүлдені ұлттық орталықтың мазмұның жан-жақты ашып көрсеткен Қазақ халқы ұжымы иеленді. Бұл күні мерекелік іс-шараның куәгерлері мектеп қабырғасында көп жыл еңбек еткен ұстаздар Беген Қаженұлы, Жақып Хасенұлы, Гүлжан Сүйіндікқызы, Райхан Досболқызы және Ыбырай Алтынсарин атындағы  Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының директор, әрі мектептің қамқоршылық кеңестің мүшесі Марғұлан Бақытбекұлы болды .akyKwo5DqDc
Ақмарал Серікбаева,
мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓