Колдары майысып сурет салды
Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде "Әлем балалар көзімен" атты тақырыпта балалар арасында сурет салу конкурсы өткізілді.
Департаментте әлемнің түпкір-түпкірінде мерекеленетін Балаларды қорғау күніне орай қызметкерлердің балалары арасында сурет салу конкурсы өткізілді. Конкурсқа 3 жастан 10 жасқа дейінгі аралықта балалар қатысты, олар өздерінің ата-аналарының жұмыс істейтін орындарына келіп, қоршаған ортаны қағаз бетіне түсірді.
Конкурс нәтижесі бойынша Ерсұлтан Сағындықов (9 жас), Гоман Валерия (6 жас), Аружан Каримханова (7 жас) ең үздік суреттердің авторлары деп танылды. Жүлдегерлерге және конкурсқа қатысқан барлық балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА