Асқақтата салған ән…

Жақында Шымкент қаласындағы «Достық» концерт залында Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің «Сағыныш сазы» атты шығармашылық кеші болып өтті. Концерттің өтуіне Ш.Қалдаяқов есімін иеленген облыстық филармонияның Сүгір атындағы ұлт-аспаптар оркестрі қолқабыс етті. Әсіресе, оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі Бас дирижері, Нұрғиса Тілендиевтің шәкірті Есіргеп Жалғасовтың айрықша сіңірген еңбегін атап өткен ләзім.

КАЛИБЕК

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенова, халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздары Жанатбек Кәдіров, Нұрболат Арзамас және автор өзінің елге танымал көптеген әндерін шымқала тұрғындарына тарту етіп, ән сүйер жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.
-Менің бұлай ел аралап, авторлық концерттер беруімнің мақсаты, тарихи Торғай, қазыналы Қостанайдың өнері мен мәдениетін ел ішінде кеңірек насихаттау,-дейді белгілі өнер қайраткері.
Жалпы, осыған дейін әнші-композитор  Тараз, Қарағанды, Астана, Көкшетау, Петропавл және Орал қалаларына барып, өзінің жеке концертін берген болатын.
 
Суретте: Сахнада композитор Қ.Деріпсалдин мен әнші Ж.Кәдіров.
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

2 Responses

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Енді Қостанайдың төрінде берсе жақсы болар еді

  2. Арай айтты:

    Енді Қостанайдың төрінде концерт берсе жақсы болар еді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓