Қонысбек БЕГАЙДАРОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: “Қазақ киносы сыналатын жыл”

IMG-20141226-WA0001Алдағы жыл қазақ өнері, әсіресе, кино саласы бойынша ерекше жауапкершілік   арт-тыратын жыл болғалы тұр. Тұтас ел болып біріккен Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтсе, оның басты оқиғаларының бірі – өткен хандық дәуіріміздің тарихына қатысты көп сериялы фильм түсіру. Ол үшін ең алдымен сол туындының сценарийі өте   сауатты, жан-жақты талданып жазылу керек. "Келісіп пішкен тон келте болмайды", мамандар бұл жағынан ақылдасып, бір мәмілеге келеді деген ойдамын. Екіншіден, осы оқиғалар желісін алып кете алатын режиссерлер мен сомдап шығатын актерлерді таңдаудан қателеспеу керек. Сонда ғана фильм сәтті шығады.
Амандық болса, қой жылы менің шығармашылығым үшін де сәтті болмақ. Өзім режиссер болған тарихи фильмімнің тұ-саукесерін өткізбекпін. Бұл туынды қазақ-жоңғар соғысы заманының батыры жөнінде. Фильм атыс-шабыстан гөрі ақыл мен парасаттылық, философиялық ойға көбірек жетелейді. Міне, Тобыл өңірінде алғаш тұсауы кесілгелі тұрған тарихи фильм сәтті шықса, алдағы уақыт өңірімізде киностудия ашу жоспарда бар. Себебі, көп жақсы мамандарымыз   шетелдерге кетіп жатыр. Ал біз соларды елге алып қалуға күш салуымыз қажет.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓