Төл күрестен турнир өтті
Рудныйдағы Нұр мешітінің ұйымдастыруымен Рудный және Қашар кенті жамағаты арасында қазақша күрестен жарыс өтті. Палуандар үш түрлі салмақ бойынша күш сынасты.
Жастарыдың спортқа деген ынтасы мен ықыласы артып келе жатқандығын осы жарыстан айқын байқауға болады. Өйткені, қатысушылар оған жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті.
Боз кілемдегі білектілер жарысы тартысты өтті. Жүлдеге ие болған қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-Ислам – бірліктің негізі, яғни адамдар арасында ынтымақтықты, ауызбіршілікті, сондай-ақ, ұлтаралық достықты қамтитын ізгі дін. Сол үшін де ұйымдастырылған бұл игі бастама тек жастарымыздың арасында ғана емес, барша спорт сүйер қауымның арасындағы достықтың нығаюына да өз септігін тигізері сөзсіз,- деді Бахытбек Нұрғабылұлы атап өтті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі