Айрықша көңіл – әлеуметтік салаға

Eurasian Resources Group (ERG) пен Қостанай облысының әкімдігі арасында 2018 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара серіктестік туралы Меморандум жасалды. Келісім шартқа ERG S.a.r.l. Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды. 

Биыл Меморандум аясында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталатын қаражаттың көлемі айтарлықтай ұлғайып, 2,6 млрд. теңгеге жетті. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес қаржыкомпанияның «Туған жер – Родные города» бағдарламасы аясында Қостанай облысындағы жобалар мен аймақтың инфрақұрылымын, әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілетуге жұмсалады. Өйткені ERG-дің негізгі өндірістік қуаты – «ССКӨБ» АҚ мен «Қазақстан алюминийі» АҚ осы өңірде орналасқан.XnnGgcbP6EIБұл ретте Еуразиялық Топ биыл Қашар мен Горняцский кенттерінде магистралды су құбырларын жаңғырту, Қаратомар суқоймасы аумағындағы демалыс аймағы мен Октябрьский кентіндегі саябақты абаттандыру, Қостанайда ұлттық мәдениет орталығын салу, Арқалық қаласындағы М. Әуезов атындағы №5 орта мектепті жөндеу ісін қаржыландырады. Өткен жылғыдай Лисаковск техникалық колледжін жабдықтауға, Рудный құрылыс және көлік колледжі, №2 Рудный гимназиясы мен №1 Қашар орта мектебінде STEM зертханаларын ашуға да жәрдемдеспек. Өйткені келешекте тау-кен металлургия саласында еңбек етер оқушылар қазір осы білім ұяларында тәлім теріп жүр. Қазіргі таңда STEM бағыты (Science, Technology, Engineering, Math – негізгі академиялық пәндер жиынтығы, бірлесе келе STEM білім берудің негізін қалыптастырады). STEM бағыты оқушының алған теориялық білімін іс жүзінде тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытады.
– «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Мемлекет басшысы барлық аймақтарда оқушылар сарайы базасында жекелеген балалар технопарктерінің желісін және компьютерден бастап 3D-принтерге дейінгі барлық қажетті инфрақұрылымды қамтыған бизнес-инкубаторлар құруды тапғырған болатын, – дейді ERG S.a.r.l. директорлары кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич. – Бүгінде игі дәстүрге айналған ERG-дің оқу орындарын қажетті зертханалармен жабдықталуына жәрдемдесуі жастардың цифрлы ортаға жедел бейімделуіне серпін береді. Бұл «Туған жер» атты бағдарламамыздың тек бірі ғана бағыты. Ел Президенті өз қолымен табыстаған марапат – «Парыз» байқауының бас жүлдесі біздің әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы стратегиямыздың дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдегендей.RBG_pNH-iPwОсы орайда ERG-дің ІІ Инноваторлар форумының жеңімпаздары ұсынған әлеуметтік маңызды жобалар да осы Меморандумдар аясында жүзеге асырылатыны қуантады. Естеріңізде болса, қараша айында алғаш рет әлеуметтік новаторлар байқауы ұйымдастырылып, Еуразиялық Топ кәсіпорындарының қызметкерлері өздері тұрып жатқан қалалардың өзекті түйткілдерін паш етіп, оны шешу жолдарын ұсынған болатын. Бұл қатарда қоғамдық көлік қозғалысы кестесінің ыңғайсыздығынан бастап, көлік тұрағының жетіспеушілігі, ауладағы балалар ойын алаңдарының жоқтығына дейінгі әлеуметтік мәселелер көтерілді. Байқауда қызметкерлердің қала инфрақұрылымы мен аулалардағы кемшіліктерді жақсы білетіні, оны барынша жайлы ету амалдарын жан-жақты қарастырғаны байқалды. Нәтижесінде Рудныйдың тазарту қондырғыларынан шыққан жаман иісті цеолитпен залалсыздандыру, «инновациялық аула» мен «Лазурный берег» атты қалалық жағажай салу жобалары биылғы Меморандумға жеке тармақ болып енді.N2k1awX7WFcМеморандум тек ERG жобаларымен шектелмей, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын Қостанай облысы әкімдігінің аймақты дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларын да қамтып отыр. Бұл қатарда электр қуатымен жабдықтау желілері, жол салу мен жылу, су құбырын тарту, газбен қамтамасыз ету, баспана құрылысы сынды түрлі инфрақұрылымдық бастамалар бар.
Бұдан бөлек, Меморандум аясында Рудный қаласы мен Қашар кентін орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Осылайша биыл екінші жыл қатарынан ССКӨБ тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету, оның сапасын қамтамасыз ету ісіне тарифтер арқылы өтемсіз, өз қаражатынан 800 млн. теңге бағыттайтын болады.a-Oh34C1y7g– Еуразиялық Топ кәсіпорындары ертеден біздің қызметкерлердің туған қалалары тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсетіп келді.Біз бұл коммуналдық қызметтердің тек бірі ғана түрі екенін жете түсінеміз. Сондықтан өз тарапымыздан оларға берілетін түбіртектердің тұтынушылардың қалтасына ауыр салмақ салмауын қамтамасыз етуге талпынып отырмыз. Осы орайда Еуразиялық Топ кәсіпорындары көрсеткен қызметтердің коммуналдық төлемдері біздің нысандар орналасқан аймақтар, тіпті елдегі ең төмен деңгейде екенін баса айта кету керек. ERG кәсіпорындарының коммуналдық қызмет көрсету әрекеті әуел бастан тек шығын әкелетіні белгілі. Соңғы 4 жылдағы осындай шығындар 6 млрд теңгеден асты. Алайда тарифтер еселеп қымбаттап кетпеуі үшін біздің кәсіпорындар ол қаржылық ауыртпалықты өз мойнына алып отыр, – дейді ERG S.a.r.l. Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев. lxzpMM27YMgТоп 14 жыл бойы өз кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумдар жасасып келеді. Соңғы бес жылда (2013-2017 ж.ж.) Еуразиялық Топтың Қазақстандағы барлық кәсіпорындары тек демеушілік пен қайырымдылық шараларына 71 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған. Оның ішінде, компания тек Қостанай облысының өркендеуіне Меморандум аясында 6 млрд теңге инвестиция құйды. Бұл қатарда Қостанай мен Рудный қалаларындағы үйлерді жөндеу, Лисаковск қаласының көшелерін абаттандыру, Қостанай облысының Октябрьский кентіндегі аулаларға балалар алаңдарын орнатуды бөле жара айтуға болады. Сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға қажетті құрылғыларды сатып алу сынды әлеуметтік маңызы айрықша жобалар да бар. Рудный жедел жәрдем станциясына санитарлық автокөлік пен Рудный перзентханасына, профильді колледждер мен институтқа қажетті құрылғылар сатып алынды. Облыстың мектептері мен мәдениет үйлері жөнделді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓