Рудныйда 500 орындық жатақхана салынбақ
Бұл туралы Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтың Рудный қаласына жұмыс сапары кезінде белгілі болды. Рудный индустриялық институтына атбасын тіреген аймақ басшысы оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып болған соң проблемалық сұрақтарға көңіл болды. Институт ректоры Әбдірахман Найзабеков 1982 жылы құрылысы басталып, қаржының тапшылығынан аяқталмай қалған 4 қабатты оқу-зертханалық корпусты салып бітіру үшін 930 миллион теңге қаражат қажет екендігін алға тартты.
– Қазіргі оқу корпусы бұрын жатақхана болған. Ал жатақханаға мұқтаж студенттер қатары біртіндеп артып келеді. Сондықтан оқу корпусын көшіріп, оны қайтадан студенттердің игілігіне беру керек, – деді Әбдірахман Батырбекұлы.


Қуаныш ЕСҚАБЫЛ