“Темірланның” тоғыз батыры

Елордада әмбебап жекпе-жектен ел чемпионаты аяқталды. Әмбебап жекпе-жек – спорттың әскери құрылымдық түрі. Бұл спорттың өзгелерінен ерекшелігі түрлі сынақтардан тұратынында. Спортшылар түрлі күрес түрлерінен бақ сынасады. Осындай кезеңдерді кедергісіз өтсеңіз ғана жеңіс бұйырады.
Бұл жолы республикалық турнирге Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан 240 спортшы қатысты. Жүлделі орындарды Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысының спортшылары өзара бөлісті. 
– Біздің "Темірлан" спорттық-әскери клубымыз 9 жауынгерін апарды. Олардың барлығы да жүлделермен марапатталды. Спортшылардың арасында 31 келіде төбелескен Артем Рожковты ерекшелеп кетуге болады. Ол бірінші кезедсуінде қарсыласын 7 секундта құлатып, турнирдің ең жылдам нокаутын жаңартты. Ұйымдастырушылар оған арнайы кубок тапсырды, – деді облыстық жауынгерлік өнер одағының басшысы Руслан Сексембаев.

Қ.Боранбайұлы
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓