Экспорт көлемі ұлғаймақ

Қостанай облысы әкімдігінде өткен жиында өңірдің экспорттық әл-ауқатын дамыту, бірыңғай экспорттық стратегияны әзірлеу мәселелері талқыланды.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша, өңірдің 2017 жылғы сыртқы сауда-саттығы 2 млрд доллардан асып түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,6% артық.IMG_2803«Елбасы 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін екі есеге ұлғайтуды тапсырғаны мәлім. Сондықтан, экспорттау аймағын кеңейту маңызды болып отыр. Қостанай облысының негізгі шикізат көзі – аграрлық сектор мен өндіріс. Елдің 24% егіс алқабы біздің облысқа тиесілі. Бұған қоса шекемтас пен асбест 100% Қостанайда өндіріледі. Соған қарамастан біз экспорт көлемі бойынша Қазақстанда 11-орындамыз»,-деді Мырзалиев өз баяндамасында.20180314205256Мырзалиевтің мәліметіне сүйенсек, облыс экспортының 47,6% минералды өнімдерден тұрады. Атап айтқанда, темір концентраты мен рудасы, асбест пен шекемтас өтімді өнімдер санатына кіреді. Мұнан соң азық-түлік тауарларынан да пайда түседі. Бидай, зығыр тұқымы, кондитерлік тағамдар Ауғанстан, Өзбекстан және Ресейге экспортталады.
«Былтыр металл бұйымдарын сатудан 31,8 млн доллар пайда түсті. Олардың көбі Ресей, Тәжікстан, Қырғызстанға өткізілді. Ауылшаруашылық қосалқы бөлшектері мен қағаз өнімдері 10,9 млн долларға сатылды. Жалпы, Қостанай облысы әлемнің 60 еліне тауар тасымалдайды», – деді облыс әкімінің орынбасары.IMG_2905Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов экспорттық әл-ауқатты дамыту үшін кедергілерді анықтап алуды тапсырды.
«Облыста әлеуетті деген кәсіпорын, зауыттар жетерлік. Өз өнімдерімізді экспортқа шығарып пайда табу керек. Нарық болған соң өзіндік қиындықтары болатыны анық. Соларды жан-жақты талдаңыздар. Проблема болса, тиісті органдар көмектеседі. Бірігіп қимылдасаңыздар нәтижесі де жақсы болады. Қостанайлық өнімдердің өтімділігін ұлғайту үшін жаңа нарыққа шығу қажет. Соның жүйесін әзірлеңіздер», – деді А.Мұхамбетов.IMG_2798Облыс әкімі кәсіпорын басшыларын сырт елдерге тауар өткізуде кездесетін кедергілерді айтып, оларды бірге шешуге шақырды.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓