Қос алпауыт зауыт салады
Жақында Еуропадағы ең табысты ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің бірі – «PÖTTINGER» (Петингер) компаниясы «АгромашХолдинг KZ» АҚ ірі отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Бұл – әлемдегі ырғақты жұмыс көшіне ілескен кезекті ірі машина жасау компаниясы.
2019 жылы Қостанайда «Кировец» зауыты салтанатты түрде ашылды. Қазір елде «CLAAS» неміс техникасы зауытының құрылысы бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Үстіміздегі жылдың өзінде «PÖTTINGER» бірінші кезекте егіс кешендерін бірлесіп өндіруге дайын. Австриялық компания Қостанайдағы жаңа «Локализациялық орталық» аумағында орналасатын болады.
– «PÖTTINGER» дүниежүзінде өзін инновациялық өндіруші ретінде дәлелдеген. Бұл тек шығарылатын техникаға ғана емес, іс жүргізуге де қатысты. Сондықтан пандемияға қарамастан, бүкіл әлем бойынша кәсіпорындар өз өндірісін тоқтатқан кезде, біз «Агромашхолдингтің» Қазақстандағы барлық жетекші өндірушілерді біріктіруге деген ұмтылысын жоғары бағалаймыз, – дейді компанияның ТМД елдерінде өнім өткізу жөніндегі директоры Александр Зернов.

Локализациялық орталық қазір қайта құрылымдау және инжиниринг сатысында тұр. 27 000 шаршы метрлік зауыт алаңында жоғары өнімді заманауи станоктары бар әмбебап цехтар, кеңсе бөлмелері, оқу орталығы және жұмысшыларға арналған жатақхана орналасатын болады.
– Ұсынылған шарттар бизнесті ұйымдастыру үшін өте тиімді. Біз өз өнімімізге сұраныс арта бастаған соң Қазақстанда егіс кешендерін оқшаулауды көптен жоспарлаған едік. Соның сәті енді түсті, – дейді А.Зернов.
«АгромашХолдингKZ» зауытының өкілдері техника мен олардың компоненттерін өндірушілердің жаңа ұсыныстары үшін әрдайым дайын екенін атап өтті. Бұдан бөлек, серіктестер машина жасау кәсіпорындары ұсынатын техникалық шарттарға сәйкес келетін компоненттердің кепілдендірілген сатылымына ие болады. Локализациялық орталық консультативтік қолдау көрсету, қажетті алаңдар, жабдықтар, құралдар мен Еңбек ресурстарын ұсынуға әзір.
Әлібек ЫБЫРАЙ