Наурыз шақырады!

         Қостанай қалалық әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын Наурыз мейрамына арналған іс-шараларға қатысуға шақырады. 21, 22 және 23 наурызға жоспарланған мерекелік бағдарламалар тізбегі төмендегідей:наурыззз 1
         21 наурыз.
– "Арғымақ" атшабарында (Заречный а.) ат спортынан сайыстар өтеді. Бағдарламаға сәйкес, бәйге (3 шақырым), аламан бәйге (7 шақырым), сондай-ақ, "аударыспақ", "арқан тарту", "қой көтеру" сияқты қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылады. Аталған сайыстарға басқа да облыстардың өкілдері қатысады;
– Қаламыздың сауда орталықтары көрермендерге арнап ұтыс ойындарын өткізеді.
         22 наурыз.
– Қостанай қаласының орталық алаңындағы мереке "Наурыз шақырады!" театрландырылған көрсетілімімен басталады; 
– Концерттік шараларда облысқа белгілі өнерпаздар өнер көрсетеді; 
– Алаңға жағалай қондырылатын киіз үй ауылы әр ұлттың салт-дәстүрлерімен танысамын деушілерге өз есігін ашады; 
– Аспаздар палау пен бауырсақ дайындаудан сайысқа түседі және сайыс соңында кез келген адам дәм тата алады.
         23 наурыз.
– "Мирас" мәдениет сарайында "Пай, пай, қазақтың келіндері-ай!" атты келіндер сайысы өтеді.
 
Сондай-ақ, осыған дейін жазғанымыздай, 21-22 наурызда І.Омаров атындағы қазақ драма театрында жастарға арналған "Бастаңғы" мерекелік думаны салтанат құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мейрамында қазақстандықтар 5 күн қатарынан, яғни 21-нен 25-не дейін демалады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓