Жоғалып кеткен 4 адам табылды

Арқалық маңында жоғалып кеткен төрт адам табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. найдено
Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 8 наурыз күні сағат 10:35-те Арқалық қаласының маңында жоғалып кеткен төрт адамды тапты. Олар 6 наурыз күні жүк көлігімен Ақмола облысына жол тартып, содан із-түзсіз жоғалып кеткен еді.
«Олардың жүк көлігіндегі ақау салдарынан қалып қойғандығы анықталды. Құтқарушылар төрт адамды Арқалық қаласына жеткізді», – делінген хабарламада.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓