Тобыл-Торғайда туризм дамитын болады

Облыс әкімдігінің кезекті аппарат мәжілісінде Қостанай облысы бойынша турзимді дамыту мәселесі қаралды.
Саланың қазіргі қарқыны жайлы облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабеков баяндады.20180312_102205_Film3Тобыл-Торғай даласы аңшылық және балық аулауға таптырмайтын аймақ. Мұнда үш жүзге жуық көл, бес мың өзен, 120 балық аулау айдыны бар. Сондай-ақ, 720 мәдени орын туристерге қызықты болып отыр. 
Биыл Аманкелді ауданындағы Торғай геоглифтарын қоршауға 17 млн теңге бөлінбек.
2018 жылы 5 инвестициялык жоба жүзеге аспақ. Аманкелді, Жанкелдин, Меңдіқара, Қостанай, Қарасу, Науырзым аудандарында туристерге арналған сервис жүйесі дамитын болады.
-Облыс табиғаты аңшылыққа қолайлы, бірақ зансыздыққа жол берілмеу керек. Және барлық жерде қызмет көрсету сапасын арттырып, жол бойында дәмхана, қонақ үйлер санын арттырған жөн. Мемлекеттік және жекеменшік әріптестікті дамыту қажет. Біздің облыс арқылы халықаралық маңызы бар жолдар өтеді. Басқа облыстарға қараңыздар, қандай ғажап дәмханала салады. Кеше ғана Қарабалық ауданына бардым, дені дұрыс асхана көрмедік, атаулары да дұрыс емес,-деді Архимед Мұхамбетов.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓