Индустрияландыру мәселесі талқыланды

Облыстық мәслихатта өңірдегі мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бесжылдығы талқыланды.
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқанындай, бұл бағдарлама әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарынан орыналуды, ел тұрмыс-тіршілігінің бір арнаға түсуін қамтамасыз етеді. Өткен жыл алғашқы бесжылдық жоспарды тиянақтап беріп, аймақ экономикасының жақсы жағынан өскендігін көрсетті.
Өндірістік кәсіпорындар саны артып, былтыр жарты триллион  теңгенің өнімі өндірілді. Яғни, 2013 жылмен салыстырғанда 2 млрд-қа өскендігін байқатты. Тау-кен өндірісіндегі темір рудасы, боксит, асбест, алтын өнімдерінің шығарылу көлемі 300 млрд-қа жуықтаған.индустрия 1
Машина құрастыруда да 34% артқандығын аңғартады.  "АгромашХолдинг" АҚ мен "СарыарқаАвтоПром" қазірдің өзінде жеңіл көлікпен қатар қоғамдық һәм апаттық жағдайда қолданылатын арнайы көліктерді құрастыруда.
Осы төңіректе облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мейрам Сөкітбаев халық қалаулыларына есеп берді.
Бұдан да басқа агроөнеркәсіп саласы да тыс қалмады. Ет, сүт өнімдерінің экспорты мен импорты да кеңінен баяндалды. Мемлекеттік индустриалды карта бағдарламасының негізінде әр қала мен аудан өз жобаларын осы бес жылдықтың ішінде тиянақты орындағанын да жеткізді.
Басқарма басшысы алдағы бес жылда да біраз атқарылатын жобалар негізін қысқа-нұсқа айта отырып, қаржы дағдарысының салдарынан қалтарыста қалып қойған кейбір жобалардың да жүзеге асатынын әңгімеледі
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓