Тұрғын үйден өрт шықты

Қостанай қаласында өртенген тұрғын үйден 50 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.20180309013820Оқыс оқиға 8 наурыз күні сағат 23:40 шамасында болды. Тілсіз жау Қостанайдағы көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы балконнан шыққан. Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыған.20180309013833
«Өрт шыққан 10 қабатты үйден 50 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 10 бала бар. Алдын ала болжам бойынша, төтенше оқиғаға қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болған. Бұған қоса, балкон ішінде құрылыс материалдары болған. Тұрғындарға балконда тез тұтанғыш сұйықтық пен заттарды сақтамауға кеңес береміз. Бұл өрттің пайда болуына әсер етеді. Ашық балконда тұрған заттар жоғары қабаттан түсетін темекі тұқылынан тез тұтанып жатады», – деді Руслан Иманқұлов.
Айта кетейік, тұрғын үй өрті бүгін сағат 00:07-де толықтай сөндірілді. Оқиға орнында 23 өрт сөндіруші жұмыс істеді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓