Апат салдарынан сәби көз жұмды

Жітіқара ауданының Пригородный елді мекенінің 30 жастағы тұрғыны «Rover Honda Concerto» көлігімен өз кінәсі кесірінен апатқа ұшырады. Ол алдында келе жатқан машинаны басып озбақшы болған. Жолдың қарсы бетіне шыққан мезетінде "УАЗ" көлігімен соқтығысқан. Мұнда 44 жастағы жеке фирманың жүргізушісі болыпты. ДТП
Апат салдарынан «Rover Honda Concerto» көлігінде болған 54 және 30 жастағы екі әйел әртүрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ, автомобильде болған екі айлық сәби ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.
Қазіргі уақытта қажетті сараптама жасақталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓