Қар құрсауынан құтқарылды
Құтқарушылар 17-19 наурыз күні боранда, қар құрсауында қалған 200 адамды аман алып қалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Қорған жағынан соққан антициклон Қостанай өңіріне қар мен боран ала келді. Соның салдарынан жолдарда көру қашықтығы жоғалып, жолаушылар көлігі қарға кептеліп қалды. Сарыкөл ауданында күре жолдың бойында өрт сөндіру және апат-құтқару қызметінің қызметкерлері қар құрсауында қалған жеті адамды алып шықты. Одан кейін осы ауданнан өтетін «Екатеринбург –Алматы» күре жолының бойынан құтқарушылар 92 жолаушыны бораннан аман алып қалды. Оның10-ы – балалар. Сонымен қатар, 33 көлікті де қар құрсауынан құтқарды. Ешкім зардап шеккен жоқ.
«Қостанай–Введен» тас жолының және Федоров ауданындағы жол бойында боран үріп тастаған қар үйіндісінен шыға алмай тұрған 111 адам құтқарылды. Оның 15-і – балалар. Сондай-ақ, қарға кептелген 30 машинаны сүйреп, жолға салып жіберді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ