Маусымды жеңіспен бастады (БЕЙНЕ)
Бүгін Қазақстанның биылғы футбол маусымы басталды. Премьер-Лиганың 1-турында Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» клубымен кездесіп, жеңіске жетті.
«Тобыл» аяқдопшылары кездесуді жылдам қарымта шабуылмен бастады. Команда капитаны Азат Нұрғалиев пен Жасұлан Молдақараев «Жетісу» қақпасына екі-үш мәрте соққы бағыттады. Кезекті қарымта шабуылда есеп ашылды. Алаң ортасынан пас алған Бауыржан Тұрысбек қарсылас қақпасының сол жақ бұрышын дәл көздеді. Осылайша, қостанайлықтар алғашқы үш ұпайға ие болды.
"Тобыл" келесі турда Қарағандының "Шахтер" клубын өз алаңында қабылдайды. Ойын "Затоболец" стадионнда өтеді.