Биыл да бастаңғы

Былтыр Қостанай төрінде өткен "Бастаңғы" думаны биыл да жалғасын таппақ. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов әлеуметтік желіде хабарлады. 29062764_339535246556178_5512717724167438336_n-Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының Наурыз мерекесін кеңінен тойлау туралы бастамасына облыс өнерпаздары сөзбен ғана емес, нақты іспен үн қоспақ. Бүгін аталмыш жобаның сценарийін талқылап, іске кірістік. Биыл да ұлттық сипаттағы танымдық, тағылымды мәні бар шоу жасаймыз деген ниеттеміз. Тіл-жәрдем, қол-жәрдем беремін, өнер көрсетемін, демеушілік жасаймын дейтін азаматтар болса құба-құп! Жобаның сұлбасы дайын, қызықты ұсыныстар болса, қарастыруға дайынбыз. Бұл той бұрынғылардан өзгерек болады!-деп жазады Ерлан Болатұлы.
Бастаңғы 21-22 наурыз, Қостанай қаласы, Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында өтетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓