Канкава Қостанайға келді

Грузия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Джаба Канкава қостанайлық "Тобыл" сапына қосылды. rue466e714527"Тобыл" 31 жастағы жаңа ойыншысын жақын күндері жанкүйерлерге таныстырмақ. Ол грузиннің "Динамосында", ресейлік "Алания" және Украинаның "Арсенал", "Днепр", "Кривбасс" командалары сапында ойнаған. Ал, "Тобылға" дейін Францияның "Ренн" клубында доп тепті.
Сондай-ақ, ол футбол сүйер қауымға өз ерлігімен де белгілі. 2014 жылы Украина біріншілігінде қатты соққыдан есінен айырылып, тілін жұтып қойған киевтік "Динамо" капитаны Олег Гусевтің жанын аман алып қалған. еді. Бұл Джаба Украинаның Мемлекеттік Төтенше жағдайлар қызметінің құрмет грамтоасына ие болған.
https://www.youtube.com/watch?v=RplN88NDrjE     
Соңғы ақпараттар бойынша, "Тобыл" алматылық "Қайраттың" ойыншысы Бауыржан Тұрысбекті команда қатарына қосуы мүмкін. 26 жастағы шабуылшы өткен маусымда 14 рет алаңға шығып, 5 гол соққан. Ол талдықорғандық "Жетісу", семейлік "Спартак" пен Сербияның "Радничкий" командаларында ойнаған.  500_5a19aa153b36b

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓