Мерекелік мотошоу
Қостанай қаласының туған күнін мерекелеу мото-фристайл шоуымен басталды. Көпшілікті таң қалдырған шоу Орталық стадионда өтті.

Мотошоу басталмас бұрын концерттік бағдарлама ұсынылды. Жергілікті өнерпаздар ән салып, би биледі. Ұлттық киімдегі қыздар шашу шашып, спортшылар да өз өнерлерін паш етті.
Көңілді концерттен кейін қостанайлық байкерлер ортаға шығып, стадионды шыр көбелек айналды. Әртүрлі үлгідегі мотоцикл мінген спортшыларға қарап тәнті боласың. Көршілес Ресейден шақырылған Adrenaline Rush Ferz командасының қойылымы тіптен қызық. Шетелдік спортшылар мотоциклдерімен әуеде қалықтап, таң қалдырар трюктарды жасады.
Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай