Қостанайда салтанат сарайы ашылды

Қостанай қаласының 135 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Торқалы той кеше кешкісін орталық стодионда бастау алған болатын. Бүгін жалғасын тапқан мерекелік шаралар шаһар тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығуда. Осынау мерекеде қостанайлықтар үшін айрықша тарту ретінде «Жастар» бульварында орналасқан салтанат сарайының ашылуын атауға болады.
IMG_5388Оған облыс әкімі Нұралы Садуақасов қатысып,  жұртшылықты мерекелерімен құттықтады.
Жалпы ауданы 1926,6 шаршы метрді құрайтын 2 қабатты ғимараттың бой көтеруіне 374 млн 157 мың теңге жұмсалды. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының маңызды жобаларының бірі болып отырған нысанды  «Сыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып шықты.
Жаңа сарай  ашылған күні 26 жас жұп өз некелерін қидырды.
 
Мешіт Ғазиз
Суретті түсірген Айбек Жүзбай
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓