Медет Арқалықта ән шырқады
Арқалықтағы облыстық қазақ жасөспірімдер театрында "Жас қанат – 2000" республикалық байқауының лауреаты, қазақ эстрадасының бүгінгі жарық жұлдыздарының бірі – Медет Шайкелов жерлестеріне өзінің"Сағыныш" атты ән кешін ұсынды.

"Биле достар", "Түн", "Жұмбақ қыз", "Жас жігіт" сынды ел арасында зор танымалдыққа ие бейнебаяндары мен үнтаспаларын шығарған әнші кешінде репертуарындағы әндерімен қатар сиясы кеппеген жаңа әндерді де көптеп шырқады.
– Шығармашылық жолда жүріп, елге келмегеніме бес жылдың жүзі болыпты. Елдің ыстық ықыласына көп рахмет. Амандық болса алдағы күзде әріптестеріммен бірге тағы да келмекшімін, -дейді үнемі жайдары кейіпте жүретін бауырымыз.

Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы