Параға құмарлық неге азаймай тұр?

Өткен жылы өңірімізде жемқорлық қылмысымен 55 адам жауапқа тартылған. Бұл 2016 жылғыға қарағанда, 18% артып отыр. Қитұрқы пайдаға қолы былғанғандардың 45%-ын әкімдіктер мен оларға қарасты ТКШ, білім, бюджет қаражатын есептеу салалары құрайды. Сеніп тапсырылған мүлікті талан-тараж ету – 11, қызмет бабын асыра пайдалану – 4, қызмет бабында жалған құжат жасау барысында заңға қайшы 3 дерек анықталған. Кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу, пара алу, алаяқтық, өкілеттілігін асыра пайдалану, пара алуға делдалдық қылмыстары да жоқ емес.  IMG_0967
Бұл ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Депаратменті парақорлықтың алдын алу мен жасалған қылмыстарға қатысты жүргізген мониторнигінің қорытындысы. Мұндай мәліметтер Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды.IMG_0982
– 2017 жылы сеніп тапсырылған мемлекет мүлігін иемдену және талан-таражға салу қылмысының 3 есеге артуы байқалалады. Тек өткен жылдың төртінші тоқсанында әкімдіктер мен оларға қарасты салалардың 6 лауазымды тұлғасы сотталды. Олар жоғарыда айтылған мемлекет мүлігін иемдену және талан-таражға салу, пара алуға делдалдық, қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу бойынша жазаға кесілгендер, – деді Департаменттің жемқорлықтың алдын алу басқармасы бас маманы Альбина Жұмабаева.IMG_0973
Мәлім болғандай, Арқалық қалалық әкімдігінің ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары)  бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Мәмбетов иесіз тұрғын үйді сүру жұмыстары орындалды деген жалған құжат актісіне қол қойған. Мемлекетке келген залал – 5,6 млн теңгеден астам. Дәл осы бөлімде басшының міндетін уақытша атқарған М.Бисенов те жұмыстарды артығымен орындалды деп құжатқа жалған қол қойған және орындалмаған жұмыстарға ақы төлеп келгені анықталыпты. Негізсіз аударылған қаражат көлемі – 111,8 млн теңгеден асады.IMG_0946
Л.Баракова Арқалық қалалық мәслихатының есепшісі бола жүріп, өзінің жеке карт-шотына заңсыз түрде ақша аударуының кесірінен мемлекетке 1,4 млн теңгеге жуық залал келтірген. Ал құрылыс мердігерінің жұмыстарды орындағаны туралы актіге көз жұма қол қойып беру үшін 350 мың теңге пара талап еткен Қостанайдағы №14 балабақша меңгерушісі Р.Хажиеваның қылмысы әшкере болыпты. Ал осы бөбекжай директорының орынбасары А.Тобылбаева заңсыз нұсқаулар беріп, пара беру кезінде делдал болғаны үшін айыпты болып отыр.
Құсмұрын кенті әкімдігінің бас маманы болған А.Баймағамбетова өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлігін бас пайдасына жаратқаны үшін былтырғы жылдың қазан айында Әулиекөл аудандық сотының шешімімен 2 жыл 6 айға шартты түрде сотталған.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Депаратменті басшысының міндетін атқарушы әрі Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Ескендіров жоғарыда аталған келеңсіздіктердің қайталанбауын және жемқорлықтың алдын алу үшін аталған мекемелерге тікелей жауапты басшыларға ұсыныспен шығып, қадағалауға алу керектігін айтты. Ал келесі отырыста сыртқы сараптаманың қорытындысын жариялайтын болып шешті.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓