Жол ережесін 27 рет бұзған жүргізуші ұсталды
21 желтоқсанда полиция қызметкерлері Қостанай облысының аумағында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде "EkinPatrolG2" кешенінің көмегімен ресейлік есептегі "SKANIA" маркалы автомашинаның иесін ұстады. Аталған көліктің жүргізушісі Ресей Федерациясының азаматы болып шықты.
Оның жалпы сомасы 688 445 теңге болатын 27 жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталды. Айыппұл толығымен өтелді.



Сонымен қатар, өтелмеген айыппұлдардың бар-жоғын "ЕРАП" АЖ қоғамдық секторы, "Qamqor" порталы, "Egov" және екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы тексеруге болады.