Блогерлер полициямен тізе біріктіреді

Блогерлер, журналистер пен полиция ынтымақтастық туралы Меморандумға қолқойды. Тараптар бірлескен іс-шаралар, акциялар өткізу туралы келісті. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.IMG_20191021_180105_318
            Мысалы, блогер Максим Фролов қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қарсы күреске бағытталатын "Қауіпсіз кіреберіс" акциясын өткізуді ұсынды. Ол үшін барлық ПКСК белсенділері кіретін "ватсап" желісінде топ құрылады. Олар қоғамдық тәртіпті бұзу, кіреберістерде спирттік ішімдіктерді ішу фактілері туралы хабарлайтын болады.IMG_20191021_180105_365
            Сондай-ақ, М. Фролов полиция волонтерлерінің тобын құруды ұсынды. Олар белгіленбеген орындарда қоқыстастайтын тәртіп бұзушыларды анықтау бойынша рейдтерге қатысады. Қаладағы қоқыс үйінділері – бірлескенк үш-жігермен шешуге болатын өзекті мәселе, – деп атап өтті блогер.
            -Еріктілер қазірдің өзінде полициямен бірге осындай рейдтерге қатысады және жалғастыруға дайынбыз, – деді Рудный қаласы әкімдігі жанындағы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбар Байбусинов.
            Меморандум аясындағы бірінші іс-шара заңсыз тасымалдаушылар бойынша рейд болғанын атап өту қажет. Екі күн ішінде осындай 10-нан астам тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылды.IMG_20191021_180105_321
            Рудный қаласының полиция басқармасының бастығы Әлім Бажикбаев атап өткендей, меморандум жүзеге асыруға "Тыңдаушы мемлекет" тұжырымдамасы. Ол меморандум мен бірлескен жұмыс полицияны ашық етеді, сондай-ақ қала тұрғындарының шағымдарына жауап берудің жаңа тетіктері құрылады.
            "Жолда қабылдау" акциясы аясында Әлім Бажикбаев полиция фрон-кеңсесінде азаматтарды қабылдады. Тек бір күнде 100-ден астам азаматты қабылдады.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓