Тәртіп сақшыларына 23 мың планшет
Ағымдағы жылдың соңында жол қозғалысы саласындағы барлық xаттамалар электронды нұсқада рәсімделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сонда жол қозғалысы саласындағы барлық xаттамаларды электронды нұсқада толтыруға болады», – деді И.Лепеxа ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.
Оның айтуынша, тәртіп сақшыларының бәрін – учаскелік инспекторлар, кәмелеттік жасқа толмағандар бойынша инспекторлар және тағы басқа әкімшілік xаттама толтыратын мамандарды толығымен жасақтау үшін 23 мың планшет керек.
«Әзірше, планшетті Астана мен облыс орталықтарының полицейлері ұстап жүр. Бірақ ол құрылғылардың саны көп емес, небары 870 дана бар. Барлығын жол-патрульдік қызметкерлер ұстайды. Қазір біз облыс әкімдерімен тиісті жұмысты пысықтап жатырмыз. Өйткені аталған шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландырады. Мен ойлаймын, жылдың аяғына дейін барлық автопатрульде планшет болады. Содан бастап жол қозғалысы саласындағы барлық xаттамалар электронды түрде рәсімделеді. Сөйтіп, ақырындап бәріне тарататын боламыз», – деп атап көрсетті комитет басшысы.