Әлеуметті әбігерге салды

Қостанайда лаңкестік актісі туралы жалған ақпарат беру қылмыстық бабы бойынша 12 жасар жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.
6-қараша күні түстен кейін 6-сынып оқушысы достарымен бірге Баймағамбетов көшесінде орналасқан №59 үйге келіп, кез келген пәтер нөмірін терген және жауап берген пәтер иесіне бомба туралы жалған хабар берген. Пәтер иесі сол мезетте полицияға хабар береді. Жедел әрекет ету бөлімі тезарада аумақты қоршауға алып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіреді. Үйді тексеру барысында, 2-кіреберістен қара қалташа табылған. ложный-вызов-770x470«Бағымызға орай, онда қоқыстан басқа ештеңе табылған жоқ», – деп атап өтті баспасөз қызметі. Жедел-тергеу шаралары арқылы жалған хабар таратқан жасөспірім ұсталды. Жасы кіші болғандықтан оған ешқандай жаза қолданылмайды, алайда, оның ата-анасы ҚР ҚК 273-бабы бойынша жауап береді.
Сонымен қатар, Қостанай облысында «Жасөспірім» жедел полиция шарасы өтуде. Шара барысында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуден жалтарған 37 ата-ана жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жасөспірімдер жасаған 238 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. 130 жасөспірім мен 69 қамсыз ата-ана арнайы есепке алынды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
 
Қазақпарат
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓