14 жылқыны соғып кетті 

Оқиға 27 желтоқсанда сағат кешкі тоғыздар шамасында болды. Қостанай-Озерный бағытындағы теміржол үстімен жайылымда жүрген бір үйір жылқы өтпекші болады. Пойыз жүргізушісі техниканы шұғыл тоқтату әрекетіне көшеді. Дегенмен жүйткіген пойыз бірден тоқтап үлгере алмаған. Соның салдарынан 14 жануар көліктің астына түседі. ЖылкыАқауға ұшыраған отарбаны жөндеуге бір сағаттан астам уақыт кеткен. Айта кету керек, бұл аралықта жүретін Қостанай-Мәскеу жолаушылар пойызы да кешігіп жүруге мәжбүр болды. Жедел іздестіру шаралары барысында қараусыз жіберген жылқылардың иесі табылды. Оның Қостанай ауданына қарасты Майкөл ауылының тұрғыны екендігі анықталды. Үйір жылқының егесіне 5 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, мұндай жағдай 16-рет болып отыр. Алдағы уақытта жануарларын қараусыз жіберген тұрғындарға қолданылатын жаза ауырлай түседі деп күтілуде.

You may also like...

2 Responses

  1. Жанбек айтты:

    Жайылып журген мал ушин онын кожайыны кинали ма, жане те штраф толесе сол ушин6 колданылып откан жаза ауырлау секилди, озинин 14 жылкысы почти 3 миллион турад. шыгынга батты ау

  2. костанай айтты:

    мынау сурет сол жерде болган ба?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓