Ыстан уланып, көз жұмды
Оқиға 18 қарашада болған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Қайғылы жайт Қостанай қаласында Баймағамбетов көшесіндегі жеке тұрғын үйде болды.
"Газ пешінің жапқышының ашылмаған күйі қалуы салдарынан 51 жастағы әйел табиғи газға уланып, оқиға орнында қаза тапты", – делінген хабарламада.
ТЖД қызметкерлері пеш тұтынушылар үшін ыстың қаупі барын ескертеді. Адамдар отынды үнемдеу әрі үйді жылы ұстау үшін отын толық жанып үлгермей түнгі мезгілде пеш жапқышын жауып қояды. Ыстан улану көп жағдайда ұйқыда жатқан кезде болады.