Жалған сөз құны – 6 жыл
Рудный қаласының поицейлері лаңкестік жасалатыны туралы жалған хабар таратқан ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 наурызда сағат 14.30-да тәртіп сақшыларына қаладағы ТВС ғимаратының 4 қабатында скотчпен қапталған орама табылғаны туралы хабарлама келіп түседі. Полицейлер мен барлық мүдделі қызметтер жұмылып, дереу оқиға орнына келіп жеткен. Адамдар ғимараттан тысқа шығарылып, аумақ қоршауға алынды.
Жедел шаралар жүргізген тәртіп сақшылары 28 жастағы күдіктіні қолға түсірді.
Бұл дерек ҚР ҚК 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеуге алынды. Жалған лаңкес 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.