Жалған қоңырауға – шынайы жаза

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде "бомба қойылғаны" туралы хабар таратқан Қостанай тұрғынына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр. Ол Қостанайдың темір жол вокзалында жарылғыш зат бар екенін айтып, жалған ақпарат таратқаны үшін айыпталды. Бұл жайлы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.сумкаӘйел адам  WhatsApp мессенджері арқылы ойынан шығарылған "оқиғаны" аудиохабарлама таратқан.
"Полиция департаменті БАҚ немесе телекоммуникация желілері арқылы қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылғаны туралы хабарлайды. Қылмыскер не 3 000 мың АЕК (7,5 млн теңге) көлемінде айыппұл арқалайды, не сондайлық көлемде түзету жұмыстарына, не болмаса 800 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегіледі, тіпті 3 жылға бас бостандығы шектеліп немесе нақ осындай мерзімге қамауға алынуы мүмкін" , – делінеді хабарламада.
Естеріңізге салсақ, 9 қаңтарда "102" пультіне әлдебір әйелден вокзал маңындағы алаңда күдікті иесіз қара-көк түсті сөмке жатқанын хабарлаған еді. Дереу өтірікші әйелге іздеу жарияланған. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓