Затоболда сауда кешені өртке оранды

Затобол кентіндегі «Агромакс» сауда кешені жалын құрсауында қалды. Төтенше жағдай 17 шілде күні сағат 23.30-дар шамасында басталған. Бұл туралы дабыл жергілікті 10-шы өрт сөндіру бөліміне келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен жасақ ғимараттың бірінші қабатындағы бутиктерді  шарпыған тілсіз жаумен арпалысты. Қосалқы көмекке Қостанай қалалық гарнизоны шақыртылып, екі жауынгерлік учаскі жұмылдырылды. Солайша, көрші бутиктер мен жертөле қабаттарына шабуылдаған алауға ауыздық салынды.агромакс
Бүгін облыстық БАҚ өкілдерімен өткізген брифингте «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары Д.С.Полончук:
-Өрт сөндіруге барлығы 8 техника мен 27 адам қатысты. Сондай-ақ қатер құрсауында қалған сауда нүктесіне аудандық электр станциясы қызметкерлері, 102, 103 және жол-күзет қызметі мамандары тартылды. Өрт 2 сағат ішінде толығымен сөндіріліп болды. Жалын шарпыған алаң аумағы 150 метр шаршыны құрады,-деген мәлімет берді.полончук
 Аталмыш сауда орнының күзетшісі берген мәлімет бойынша, іште адамдар болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Тек алау аранында тауарлар, нақтысында, кеңсе заттары, тұрмыстық химия, балалар ойыншықтары кетті.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі және материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.
 
Жандос Жүсіпбек
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓