Затобол атауы өзгеруі мүмкін

Затобол кентінің атауы не "Құтты алап", не "Тобыл" болып өзгеруі мүмкін. Мұндай ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды alau.kz тілшісі.105047299"18 наурызда Затобол атауын өзгеру ұсынысына байланысты қоғамдық тыңдау өтеді", – деп жазысыпты желі тұтынушылары. Бұл ақпаратты Қостанай ауданы әкімдігі растады.
"18 наурызда кентке қала мәртебесін беру және атауын қазақыландыруға арналған жиын өтеді. Бұл мәселе жергілікті қоғамдастықтың бастамашы тобының ұсынысы негізінде қаралады", – деді Қостанай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Әсел Сүйінова.  
Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, қалалық типтегі кент өз тарихын қазақ жерлеріне Ресейдің орталық облыстарынан қоныс аударушылар келе бастаған уақыттан, ХІХ ғасырдың аяғынан бастайды. Осы кезеңде Тобыл өзенінің оң жақ жағалауынан аздаған қоныс пайда болады. Бұл 1881 жыл болатын. Мұнда Тамбов, Саратов облыстарының, Воронеж губерниясының шаруа отбасылары келді. Жергілікті жерлерге қоныстану жоспарсыз жүрді, жер бөліп алуды әрбір жаңа қоныстанушы өз бетімен жүзеге асырды. Сондықтан олар алғашында өз қонысын "Самодуровка" деп атады.zatobolЗатоболды "Құтты алап" атауымен алмастыру ұсынысының да мәні бар. Қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлин өзінің "Жалбыр" атты шығармасында нақ осы кентті "Құтты алап" атайды. "Тобыл" деп аталып жатса да абзалырақ болар еді деуде көпшілік. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓