Ауылда клуб ашылды

Аманкелді ауданында ауылдық клуб пайдаланылуға берілді. Бұл ғимарат аудан орталығының іргесіндегі бұрынғы Есір ауылында ашылып отыр.20180301175216Аудандық мәдениет үйінің жетекшісі Сағынғали Сейдиннің сөзінше, ауылдық клуб «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасы» бағыты бойынша қайта ашылған.
«Тұрғындар ауылдық клубтың ашылуын көптен күтті. Енді мәдени-бұқаралық іс-шаралар, концерттер мен қойылымдарды өткізу үшін аудан орталығына барып, шығындалудың қажеті жоқ. Тұрғындарды қуанышқа бөлеген жергілікті кәсіпкерлерге ризамыз. Аталған нысан 7 жыл бойы бос тұрды. Кәсіпкерлер өз қалталарынан 14 млн теңге жинап, ескі ғимаратты қайта жаңғыртты. Алдағы уақытта осындай ескі құрылыс орындарын жаңа кейіпке ендіріп, мәдениет үйлерін ашу жоспарда бар», – дейді С.Сейдин.
Әзірге, ауылдық клубта тұрақты төрт жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, клуб ішінде кітапхана орналасқан.
«Негізінен, мәдени іс-шаралар кезінде мектеппен тығыз жұмыс істейміз. Ауылда өнерлі жастар жетерлік. Ал, мұндай мәдени нысандар адамдардың бос уақытын дұрыс пайдалануына мүмкіндік жасайды», – деді мәдениет үйінің директоры Нұрсұлтан Мұхтаров.
Белгілі болғандай, мәдениет нысанына жиҺаз сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 1,7 млн теңге қаржы бөлінген. Бұған қоса аудандағы барлық ауылдық клубты жаңарту жұмыстары қолға алынбақ.
 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 


 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓