Қазақ театрында жаңа басшы
Қостанай облыстық мәдениет басқармасы басшысы Е.Қалмақовтың бұйрығымен Азамат Төлегетайұлы Шүкеевке І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының басшысының міндетін атқару жүктелді. Театр труппасы бұған дейін А.Шүкеевтің кандидатурасын қолдап, басқармаға ұжымдық хат жолдаған.

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Жоғары санатты актер. Көптеген басты рөлдерді сомдап, жоғары жетістіктерге жеткен. «Арт-Премьер» Халықаралық өнер фестивалінде үздік шығып, «Признание» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломының иегері атанған. 2021 жылғы «Темірқазық – 2021» театр сыйлығының «Үздік ер бейнесі» номинациясының лауреаты.
Шығармашылық табысы үшін Қостанай облысының «Рухани қазына – 2022» облыстық байқауының «Театр және концерт ұйымының үздік қызметкері» номинациясының жеңімпазы, «Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.