Жеңіс саябағы жаңаруда

IMG_5026Ұлы жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, қазір қаламыздағы Жеңіс саябағындағы мемориалдық тақтаны қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары жыл соңында аяқталмақ.
Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тауып, хабарсыз кеткен ерлердің есімдері қашалып жазыл-ған бұл мемориалдық тақтаның қостанайлықтар үшін маңызы ерекше зор. Сондықтан, жыл сайын Жеңіс күнінде он мыңнан астам адам ерлерге тағзым ету үшін осында жиналады. Қостанай қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдиннің айтуынша, жылда мемориалдық тақтаға ағымдағы жөндеу жұмыс-тары жүргізіледі екен. Биыл қалалық бюджеттен 10 млн.теңге бөлініп, естелік тақта қайта қалпына келтіріле бастады.
Мемориалдық тақтада үш жарым мыңдай хабарсыз кеткен жауынгердің аты-жөндері жазыл-ған еді. Енді олардың қатары жаңа есімдермен толықтырылмақ. Бұдан өзге, қалалық Жеңіс саябағында Қостанай облысында жасақталып, ІІ дәрежелі Кутузов орденді 150-ші Идрицк ат-қыштар дивизиясының негізін қалаған, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен 151-ші жеке атқыштар бригадасының жауынгерлеріне арналған ескеркіш бой көтереді.
Қарлығаш
         ОСПАНОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓