Мектепке әзірлік – мешіттен басталды

Акция аясында аудандық "Қабдеш ата" мешітінің имамы Мұрат Тоқпаев алғашқылардың бірі болып, науқанға үлесін қосты. Мұрат Жанұзақұлы №1 Урицк орта мектебінің 3-сыныбына баратын Денис Енкулевке мектепке қажетті киім-кешектер мен құрал-жабдықтар алуына ақшалай қолдау көрсетті.
Денистің анасы Елена Фрондзей екі баланы жалғыз тәрбиелеуде. Жақында тағы бір сәбиі дүниеге келуі тиіс. Акцияның шапағатын сезінген нәзік жан иесі дін өкілдеріне алғысын білдірді.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.